Жасанды интеллект технологиялары

Білім беру бағдарламасының шифры
В057 – «Жасанды интеллект технологиялары»

Оқу мерзімі
4 жыл

Оқу құны
850 000 теңге

Профильдік пәндер
Математика және Информатика

Жасанды интеллект – ғылым мен технология дамуына апарар жаңа бағыт

Жасанды интеллект – заманауи ғылым мен цифрлық технологиялар тоғысында қалыптасқан, болашағы зор инновациялық сала. Ол компьютерлік жүйелерге адамға тән интеллектуалдық функцияларды: логикалық ойлау, үйрену, деректерді талдау және шешім қабылдау қабілетін модельдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда жасанды интеллект технологиялары білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, қаржы және қауіпсіздік сияқты маңызды салаларда кеңінен қолданылуда.

Университетімізде осы бағытта зерттеулер жүргізіліп, білім беру бағдарламалары әзірленуде. Жасанды интеллектті меңгеру – студенттер мен жас ғалымдардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ елдің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
 


Университетте қандай білім аламын? 

  • Студент жасанды интеллект саласында зерттеу жүргізуді үйренеді.
  • Алгоритмдермен дербес тәжірибелер өткізеді.
  • Машиналық оқыту технологияларын меңгереді.
  • Деректерді талдау және өңдеу саласында білім жинақтайды.


Мен кім боламын ЖОО бітіргеннен кейін? 

  • Жасанды интеллект инженері
  • Машиналық оқыту маманы
  • Деректер талдаушысы немесе ғалымы (Data Analyst / Data Scientist)
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісі
  • Робототехника инженері
  • Ақпараттық жүйелер маманы
  • IT-жобалар жетекшісі
  • Медицина, биотехнология және агросекторға арналған цифрлық шешімдер әзірлеушісі
     


Мен қайда жұмыс істеймін?

  • IT-компаниялар (мысалы: Яндекс, Google, EPAM, Astana Hub және т.б.)
  • Банктер мен финтех секторлары
  • Өндірістік және өнеркәсіптік компаниялар
  • Медицина және биотехнология саласындағы ұйымдар
  • Ғылыми және зерттеу орталықтары
  • Жасанды интеллект пен автоматтандыруға бағытталған стартаптар
     
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз